Украинадағы соғысқа қатысқан ресейліктерге ардагер мәртебесі берілетін болды

Украинадағы соғысқа қатысқан ресейліктерге ардагер мәртебесі берілетін болды

Украинадағы соғысқа қатысқан ресейліктерге ардагер мәртебесі берілетін болды
ашық дереккөзі
50288
Ресей Президенті Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысқандарға ардагер мәртебесін беру туралы заңға қол қойды деп хабарлады turkystan.kz. Украина жеріндегі соғысқа қатысқан ардагерлер мен мүгедектерге заң бойынша зейнетақы, түрлі қаржылай сыйақылар беріліп, тегін протез жасалады, үйсіздер баспанамен қамтамасыз етіледі және басқа да жеңілдіктер қарастырылған. 23 наурызда Мемлекеттік Дума Қорғаныс министрлігінің наурыз айының басында ұсынған заң жобасын 3 оқылымда бірден мақұлдаған. Қазір ардагерлер туралы заң азаматтық соғыстан бастап, КСРО мен Ресей араласқан барлық ірі әскери қақтығысқа қатысқандарды қамтиды.

Серіктес жаңалықтары