50350
Бұрымды боксшылардың онлайн ерегісінің бітетін түрі жоқ
Бұрымды боксшылардың онлайн ерегісінің бітетін түрі жоқ

Боксшылар Назым Қызайбай мен Ангелина Лукастың Қазақстан ұлттық құрама командасының сапында жүргенде басталған ұрыс-керістері, ерегісі әлі басылмай отыр деп хабарлады turkystan.kz.
Екеуі де бір-біріне көрінбей, онлайн ерегісіп жатыр. Ангелина Лукас Назым Қызайбайды профи-рингте жекпе-жекке шақырды.
«Жекпе-жек үш раунд емес, он раунд болу керек. Нағыз кәсіби шайқас. Асыға күтемін», - деді ол.Қызайбай, көп ұзамай, жекпе-жекке дайын екенін айтты.
«Мен 12 раундқа дайынмын. Менің талабым - жекпе-жек алдында және өткеннен кейін допингке қарсы сынама тапсыру. Гоооу, ұйымдастырыңыздар», - деп жазды ол өзінің Instagram-дағы парақшасындағы сторисінде.