Алматы облысында ауыл әкімі қошқарды бір минутта 50 рет көтерді (ВИДЕО)
Алматы облысы Белбұлақ ауылының әкімі Нұрбол Досымбаев Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыста салмағы 40 келі қошқарды 1 минутта 50 рет көтерді деп хабарлады turkystan.kz.
Оның қошқарды көтерген кездегі бейнежазбасы Instagram-дағы
Talgarnewskz парақшасында жарияланды.
Нұрбол Досымбаев Талдыбұлақ ауылында туып-өскен. Оның жерлесі 12 жастағы Досжан Қалинұр да көзге түсті. Ол Талғар ауданында өткен Наурыз мерекесінде 30 келі тартатын қошқарды 115 рет көтерді.
Досжан - 5-сынып оқушысы.