«Пойыздардың 60 пайызының тозығы жеткен» - Премьер-министр

«Пойыздардың 60 пайызының тозығы жеткен» - Премьер-министр

«Пойыздардың 60 пайызының тозығы жеткен» - Премьер-министр
ашық дереккөзі
50214
Премьер-министр Әлихан Смайылов Швейцарияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Давид Грифтингпен кездесуде темір жол саласындағы стратегиялық ынтымақтастық мәселелерді талқылады деп хабарлады turkystan.kz. Кездесуде Үкімет басшысы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-тың жылжымалы құрамды жаңарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын, пойыздардың 60 пайызының тозығы жеткенін айтты.
«Сондықтан оларды біртіндеп жаңартуымыз керек. Бұл жоба біз үшін, әсіресе, Қазақстандағы жергілікті өндірісті кеңейту тұрғысынан өте маңызды», - деді Премьер-министр.

Серіктес жаңалықтары