51370
Биылғы пітір садақа мөлшері қанша?
Биылғы пітір садақа мөлшері қанша?

Елордада Бас мүфти төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының мәжілісінде биылғы пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді деп хабарлады turkystan.kz.
«Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы мүфтияттің қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды», - делінген ҚМДБ хабарламасында.Сондай-ақ, жиында наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы биыл қасиетті Рамазан айы 2 сәуірден басталатынын мәлімдеді. Өзбекстан мен Қырғызстан мұсылмандары Діни басқармасымен кеңесе отырып, осындай ортақ шешім қабылданған. Биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. 2 мамыр – Ораза айт, ал 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні болып белгіленді.