Кинотеатрлар жұмысын тоқтатпайтын болды

Кинотеатрлар жұмысын тоқтатпайтын болды

Кинотеатрлар жұмысын тоқтатпайтын болды
ашық дереккөзі

Kinopark кинотеатрлар желісі 1 сәуірден бастап жабылмайды деп хабарлады turkystan.kz Kinopark және Kinoplex желісінің директоры және иесі Алмаз Малдыбаевқа сілтеме жасап. 24 наурызда кинотеатр экранына шығуы керек болған «Морбиус» фильмі 31 наурызда шығатын болды. Сонымен қатар, Marvel-дің «Доктор Стрэндж» фильмі де дубляждалып жатыр. Алмаз Малдыбаев сәуір-мамыр айларында кинотеатрлар желісінде көрсетілетін фильмдер болады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев алдағы айларда кинотеатрлар жаңа картиналармен қамтамасыз етілетінін айтқан. Еске сала кетсек, бұған дейін Kinopark және Kinoplex кинотеатрлар желісі 1 сәуірден бастап белгісіз мерзімге жабылады деген хабар тараған болатын. Желі өкілдері мұны Голливудтың Ресей арқылы жұмыс істейтін ірі компаниялары Қазақстанға фильм тасымалдаудан бас тартатындығымен түсіндірген еді.