Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингіне енді

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингіне енді

Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингіне енді
ашық дереккөзі

Әлемдегі ең бақытты елдердің World Happiness Report рейтингінде Қазақстан 40-орынды иеленді. Ал бірінші орын осымен бесінші рет Финляндияға бұйырды деп хабарлады turkystan.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап. Рейтингтің алғашқы ондығына: Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия кірді. 11-ден 15-ке дейінгі орындарға: Австрия, Австралия, Ирландия, Германия және Канада жайғасты. 16-орында АҚШ (2021 жылы 14), ал 17-орында Ұлыбритания (2021 жылы 18) тұр. Франция былтырғыдай 20-орынды иеленді. Сонымен қатар, бұрынғы КСРО құрамында болған елдер арасында World Happiness Report рейтингінде көш бастағандар Литва (34) және Эстония (36-орын) болды. Биыл Қазақстан 40-орынға (2021 жылы 45-орын) көтеріліп, өз позициясын жақсартты. Сондай-ақ, рейтингте: Латвия – 42, Өзбекстан – 53, Молдова – 62, Қырғызстан – 64, Беларусь – 65, Түркіменстан – 78, Армения – 82, Тәжікстан – 83, Әзірбайжан – 92, Украина – 98, Грузия – 105-орындарды иеленді. Былтыр 60-орынды иеленген Ресейдің рейтингтегі биылғы позициясы 80-орында тұр. Ең бақытсыз ел ретінде соңғы екі орынға жайғасқан Ливан (145-орын) және Ауғанстан (рейтингтің соңғы жолы) танылды. Биылғы жылы құрамына 146 ел кірген жыл сайынғы World Happiness Report рейтингін БҰҰ-ның Тұрақты даму шешімдерін іздеу жөніндегі бөлімшесі жасады. Сауалнамаға қатысушылар өмір сүру ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, мемлекеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, азаматтардың өмірлік маңызды шешім қабылдау мүмкіндігі сияқты көрсеткіштер бойынша өз еліне баға береді. World Happiness Report рейтингі алғаш рет 2012 жылы жарық көрді.