50477
Әншіні достары қате жазылған тортпен құттықтады (ВИДЕО)
Әншіні достары қате жазылған тортпен құттықтады (ВИДЕО)

Әнші Ернар Айдарды достары қате жазылған тортпен құттықтады деп хабарлады turkystan.kz.
Оны туған күнімен алғашқылардың бірі болып жақын достары құттықтап, күтпеген жерден тосынсый жасады. Олар түнгі сағат 12.00-ден кейін әртіс аялдаған қонақ үйге келіп, мерекелік торт сыйлады.
Тортта «Ернар туылған күніңмен!» деген қате жазу болса да әнші оған қарамай, балаша мәз-мейрам болды. Содан кейін оның құрметіне отшашулар атылды. Осы сәтті Ернар өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады.
«Отыз бірінші көктемім, қош келдің! Осындай тосынсый жасаған достарыма көп рахмет. Баршаңызға алдын ала рахмет», - деп ол жолдастарына алғыс айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram