Петропавлда 120 жетім бала баспаналы болады

Петропавлда 120 жетім бала баспаналы болады

Петропавлда 120 жетім бала баспаналы болады
ашық дереккөзі

Петропавлда биыл жетім балаларға арналған 120 пәтер пайдалануға беріледі деп хабарлады turkystan.kz. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде халықтың әлеуметтік осал топтары үшін салынған тұрғын үйлерді бөлу тетігі түсіндірілді. Бұл санатқа жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар да кіреді.

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органның құзіретіндегі тұрғын үйлердің жалпы санының 20%-ы бөлінеді. Соңғы үш жылда 5 үй қолданысқа енді. «Жетім балалар» санатындағыларға 108 пәтер берілді. Биыл алты 100 пәтерлік үйді қолданысқа беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 120 пәтер жетім балаларға беріледі», - деп түсіндірді қалалық әкімдік өкілдері.
Қалалық әкімдіктің ресми сайтында орналасқан мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегі туралы ақпаратқа сәйкес, Петропавл қаласы бойынша «жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатына кіретін 1 774 адам кезекте тұр. Олардың кейбірі - өз кезегін 2007 жылдан бері күтіп жүргендер.