50517
Астананың төрінде үлкен құрылысқа тыйым салынды
Астананың төрінде үлкен құрылысқа тыйым салынды

Елордадағы линейный саябағының аумағында тұрғын үй кешені салынбайды деп хабарлады turkystan.kz қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Яғни, «Абу Даби Плазадан» бастап ботаникалық саябаққа дейін көппәтерлі тұрғын үй құрылысына рұқсат берілмейді. Құрылыс салушы компанияға басқа жерден орын беріледі.