50291
«Құнсызданып барамыз-ау...»: Наймантаев OLX-тен табылған көне домбыраны көрсетті
«Құнсызданып барамыз-ау...»: Наймантаев OLX-тен табылған көне домбыраны көрсетті

Белгілі сықақшы Асқар Наймантаев әлеуметтік желіде көне домбыраның өте арзанға сатылғаны туралы айтты деп хабарлады turkystan.kz.
«Шебердің қолынан ойылып жасалған мына домбыраны бір пақыр OLX-та 7 мың теңгеге сатпақ болыпты. Абырой болғанда, домбыраның қасиетін білетін бір азамат көріп, қайтер екен деп саудаласса керек. Ал сатушы бағаны 5 мыңға түсіріпті. Сөйтіп, сатып алған екен... Қолға ұстап, шертіп көрдім, күмбірлеп, күңіреніп тұр!» - деді әртіс.
Асқар Әбдіғалымұлы жәдігердің қажетсіз болып қалғанына қынжылды.
«Әкеден қалған дүние шығар... Балалары домбыра тарта алмайтын болған соң осылай тиынмен бағаланып кете береді. Құнсызданып барамыз-ау...», - деді Асқар Наймантаев.Тағы оқи отырыңыз: «Перзентханаға шабуыл жасалды» – Украина Президенті (ВИДЕО)