«24 жастағы жігіт қаруларды жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрлап, гараж шұңқырына жасырғанын және кейіннен оны сатуға дайындағанын мойындады. Күдіктіден барлығы 10 «Макаров» тапаншасы, 4 «Калашников» автоматы және 2 шулы граната тәркіленді», - делінген хабарламада.Дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары басталған. Күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тәркіленген қару-жарақтарға қатысты арнайы сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Тараз тұрғыны гаражында автоматтар мен гранаталарды жасырған
 
								
                                                                                                Тараз тұрғыны гаражында автоматтар мен гранаталарды жасырған
                                                                                                                                Жамбыл облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде қару-жарақтар ұрлаған тұрғын ұсталды, деп жазды turkystan.kz.
Облыстық Полиция департаментi баспасөз қызметінің айтуынша, жедел іс-шаралар барысында полицейлер Тараз тұрғынының гаражынан ұрланған қару-жарақтардың бір бөлігін тапқан.
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        