«БАӘ аумағында кешенді, жүйелі әскери операция өткіздік. Йемен әскері басқыншыларға тойтарыс бере алады. Басқыншыларды басындырмайды», – деді Яхия Сария.Дереккөздің жазуынша, Йемендегі қақтығыс салдарынан миллиондаған адам баспанасын тастап, бас сауғалады. БҰҰ-ның мәліметінше, 2021 жылы соғыс 377 000 адамның өмірін жалмаған.
Хуситтер Әбу-Дабиде дронмен шабуыл жасады

Хуситтер Әбу-Дабиде дронмен шабуыл жасады
Йемендегі хуситтер Біріккен Араб Әмірліктеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Олар зымыран ұшырылған 20 дронның көмегімен мұнай танкерлерін жарған, деп жазды turkystan.kz France-Presse агенттігіне сілтеме жасап.
Жойқын соққы салдарынан ADNOC мұнай алыбында жұмыс істейтін екі үндіс пен пәкістандық қаза тапты. Сондай-ақ, шабуылдан соң Әбу-Даби әуежайының маңында өрт шықты.
Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрі Абдулла бен Заид әл-Нахаян хуситтер шабуылының себебі анықталып жатқанын айтты.
Ал хуситтер өкілі Яхия Сария БАӘ аумағында әлі де шабуыл жасап, жойқын соққы беретінін мәлімдеп отыр.