51429
Сілеусін мен елік аулаған браконьерлер ұсталды
Сілеусін мен елік аулаған браконьерлер ұсталды

Павлодар облысындағы Баянауыл ауданында сирек кездесетін жануарларды заңсыз аулағаны үшін 9 ер адам ұсталды, олардың үшеуі – Алматы қаласының тұрғындары, деп жазды turkystan.kz.
Тінту кезінде ұсталғандардан сілеусіннің екі терісі және еліктің бір ұшасы тәркіленді. Полиция заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын атап өтті. Сараптама тағайындалды.
Айта кету керек, Павлодар облысында сілеусін аулауға, ал 2022 жылдың 1 қаңтарынан тамызға дейін елік аулауға тыйым салынған. 2021 жылы табиғатты қорғау полицейлері заңсыз аң аулаудың 481 фактісін анықтады.