Мәсімов басқарған ақпарат құралдарының тізімі шықты

Мәсімов басқарған ақпарат құралдарының тізімі шықты
«Ферғана» сарапшыларының мәліметінше, ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстанның ақпараттық кеңістігіндегі «мықты ойыншы» болған, деп хабарлады turkystan.kz «ВЫХОД К ПРАВДЕ» telegram арнасына сілтеме жасап.
Бұл ретте ол БАҚ қызметін ұйымдастыруда орыстар мен украиндардың дәстүрлі қызметін пайдаланбай, Германиядан мамандар шақыртыпты. Соның нәтижесінде, 1-ақ жылда Кәрім Мәсімов басқаратын медиа ресурстар елдегі ең танымал БАҚ-қа айналып шыға келген.
Сонымен, қазір қамауда жатқан бұрынғы шендінің «медиа патшалығына» төмендегі БАҚ кіретіні дәлелденген:
- СТВ телеарнасы;
- «7 арна» (соңғы мәліметтер бойынша ол BTS Digital компаниялар тобына қайта сатылған);
- «Tengri-FM» радиостанциясы;
- «Tengri-TV» интернет-телеарнасы;
- «Алаш айнасы» газеті;
- Vesti спорттық интернет-басылымы;
- TengriNews ақпараттық-сараптамалық порталы.