50300
Бас прокуратура ТЖ кезінде қамалғандар санын жариялады
Бас прокуратура ТЖ кезінде қамалғандар санын жариялады
Құқық қорғау органдары террористік шабуылдарға қатысушыларды анықтау және жазалау, елдегі қоғамдық қауіпсіздікті толық қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп жазды turkystan.kz.
«ТЖ режимі кезеңінде жасалған құқықбұзушылықтар үшін 6966 әкімшілік іс жүргізулер қозғау туралы хаттамалар толтырылды. Әртүрлі әкімшілік жауапқа 4918 адам тартылып, соның 1978-і қамауға алынды. 791 адамға айыппұл салынды және 2149-ына ескерту жасалды. Сот қарауында 2048 материал бар», - деп жазылған Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.Бүгінде жедел-тергеу топтары 494 қылмыстық істі, оның ішінде 44 терроризм актілері бойынша, 34 жаппай тәртіпсіздіктер бойынша, 15 адам өлтіру және басқалары бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар қылмыс жасады деген күдікпен 524 адам уақытша ұстау изоляторына қамалған. Соттың санкциясымен 412 адам қамалды.