50382
Нигерияда үш қабатты шіркеу құлады (ВИДЕО)
Нигерияда үш қабатты шіркеу құлады (ВИДЕО)
Нигерияның оңтүстігіндегі Дельта штатында шіркеу құлады, деп хабарлады turkystan.kz.
Салдарынан 10-ға жуық адам қаза тапқан. Олардың арасында үш бала бар. Бұл жайлы мемлекеттің денсаулық сақтау комиссары Онони Морди мәлімдеді.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Билік құрбандар саны артуы мүмкін деп қауіптеніп отыр.
Оқиға кезінде шіркеуде 50-ден астам адам болған.