414
Сәуірде қазақстандықтар 94 килограмнан астам алтын құйма сатып алған
Сәуірде қазақстандықтар 94 килограмнан астам алтын құйма сатып алған
2021 жылғы сәуірде қазақстандықтар екінші деңгейдегі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 94,5 кг құйма алтын сатып алған, бұл туралы Kapital.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Ұлттық Банк 2017 жылы тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын халыққа сату және сатып алу бағдарламасын іске қосты. Сол кезден бастап жалпы салмағы 1,88 тонна 52 967 алтын құйма сатылған.
Алтын құймаларының бес сорты бар: 5, 10, 20, 50 және 100 грамм. Негізінен алтын құймалар Алматы, Нұр-сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие екен.
Алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық банк, Jýsan Bank, ЦентрКредит Банкінен, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және кері сатуға болады.