Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды
ашық дереккөзі
410
Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы келісімді ратификациялайтын заң жобасы мақұлданды. «2024 жылы темекі өнімдеріне қатысты индикатив мөлшерлеме 1000 дана үшін 35 еуроға баламалы мөлшерде ұлттық валютада белгіленген», – деді Мәжіліс отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев. Қазіргі уақытта Қазақстанда темекі акциздері 1000 дана үшін 1 қаңтардағы бағам бойынша 11 100 теңге немесе 21,5 еуро. «Ол үшін темекіге арналған акциздердің нақты мөлшерлемесі 2024 жылы индикатив мөлшерлемеден 20 пайыз кем емес және 20 пайыз артық емес ауытқу диапазоны бойынша бекітіледі», – деді министр. Министрдің айтуынша, акциздер мөлшерлемесі тек темекіге қатысты көтеріледі және оның темекі өнімдерінің басқа түрлеріне қатысы жоқ. Қаржы вице-министрі Бақтияр Қожахметов 2019 жылы темекі өнімдері өндірісі 760 миллион қорап, 2020 жылы 840 миллион қорап болғанын айтты. 2019 жылы мемлекет табысы 195,7 миллиард теңге, 2020 жылы 18,2 миллиард теңге болған. 2020 жылы анықталған заңсыз тауар айналымының үлесі орта есеппен 1,4 пайыз.

Серіктес жаңалықтары