37 жыл темекі шеккен әйелдің бет-әлпеті дәрігерлерді шошытты (фото)

37 жыл темекі шеккен әйелдің бет-әлпеті дәрігерлерді шошытты (фото)

37 жыл темекі шеккен әйелдің бет-әлпеті дәрігерлерді шошытты (фото)
ашық дереккөзі
Мельбурнда ерекше түйткілге тап болған 51 жастағы әйел дерматологқа жүгінді, деп хабарлайды Medialeaks.  Науқастың бетінде қалың түк пайда болып, екі ай ішінде терісін түгел жапқан. Аз уақыт ішінде адам танымастай өзгерген әйел дәрігерлерден көмек сұраған. Мамандар науқасқа алғашқыда "лануго шашы" деген диагноз қойды.  Бұл жаңа туған нәрестелерде болатын және әдетте туғаннан соң бірнеше айдан кейін өздігінен жоғалып кететін түктер. Дәрігерлер үшін ланугоның ересек әйелдің денесінде неге пайда болғандығы құпия болып қала берді. Мамандар бұл симптом қатерлі ісік, жүйке анорексиясы, тамақтанудың бұзылуы, эндокриндік бұзылулар немесе кейбір дәрі-дәрмектерді қабылдау салдарынан туындаған деп болжады. Әйел ешқандай дәрі қабылдамаған және созылмалы аурулары да болмаған, бірақ 37 жыл темекі шегетіні белгілі болды. Компьютерлік томография жасап, мамандар пациенттің оң жақ өкпесінде 12 мм көлеңке барын анықтады.  width= Бұл аденокарцинома – шырышты бездерде пайда болатын қатерлі ісік түрі болып шықты. Әйелге химиялық және сәулелік терапия, содан кейін өкпенің ұсақ жасушалық қатерлі ісігін емдеу үшін қолданылатын иммунотерапия тағайындалды. Науқастың жағдайын сипаттаған зерттеушілердің айтуынша, ем нәтиже берген. Емді қабылдау басталғаннан кейін екі айдан кейін шаштың өсуі едәуір баяулады, жөтел мен салмақ жоғалту толығымен жойылды дейді Мельбурндегі Питер Маккаллум онкологиялық орталығының дәрігерлері.