Елбасы жайлы деректі фильмдер циклы: Президент қалай сайланды?

Елбасы жайлы деректі фильмдер циклы: Президент қалай сайланды?

Елбасы жайлы деректі фильмдер циклы: Президент қалай сайланды?
ашық дереккөзі
296
Тұңғыш президент  күніне орай көрермеге жол тартқан «Тағдырға қарсы шығу» циклды деректі филімінің «Назарбаев жаңа мемлекетті «орбитаға» қалай жіберді» деп аталатын екінші бөлімінде Елбасының қалай Президент болып сайланғаны, алғашқы ұлықтау  рәсімі қалай болғаны баяндалады.

Назарбаевқа бүкіл Қазақстан халқы дауыс берді

Дауыс беруге 8,7 млн қазақстандық қатысты. 98,8 пайыз дауыс Нұрсұлтан Назарбаевқа берілді. "Оның беделі жоғары соншалық – оған бүкіл Қазақстан халқы дауыс берді. Бұл – қазақстандықтардың тарихында алғаш рет биліктің бас өкілін тікелей сайлау болды", – деді саяси сарапшы Ермұхамет Ертісбаев. 1991 жылдың 10 желтоқсанында Алматыдағы Республика сарайында Тәуелсіз мемлекет тарихында тұңғыш рет президентті ұлықтау рәсімі өтті. "Құрметті қазақстандықтар, көп ұлтты республикамыздың халқына қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Алғашқы ұлықтау рәсімі

Рәсімге дейін бірнеше сағат бұрын Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі ел атауын Қазақстан Республикасы деп өзгертті. Ұлықтау рәсімі ұлттық стильде өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың иығына қазақтың ою-өрнектерімен кестеленген шапан жабылды. 91 жастағы ақын Шәкір Әбенов Елбасыға бата беріп, оның есімі әлем тарихына енуін тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаудан кейінгі бірінші аптаны «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заңның мәтінімен жұмыс істеуге арнады. Құжат 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды. Тәуелсіздік алғаннан кейін Тұңғыш Президентке Кадрлық вакуумда жұмыс істеуге тура келді. Жаңа қазақстандық биліктің шыңына алғаш шыққандардың қатарына жас дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев та кірді.

Серіктес жаңалықтары