170
Бұдан былай ХҚКО операторын кеңсеге шақыртып, қызмет алуға болады
Бұдан былай ХҚКО операторын кеңсеге шақыртып, қызмет алуға болады
Бұдан былай халыққа қызмет көрсету орталықтарының операторлары шақырту арқылы кеңселерге барып, қызмет көрсетеді. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.
"Халыққа жағымды басқа да жаңа ұсыныстарымызды енгізіп жатырмыз. Мысалы, дайын құжаттарды енді ХҚКО қызметкері жеткізеді. Банктердегі жеке менеджерлерге ұқсас ХҚКО-дан да жеке операторды офиске шақыртып, қызмет алуға болатын механизмді іске қосамыз", - деді Мусин үкімет отырысында.
Азаматтарға сапалы қызмет көрсету үшін ХҚКО-ның 2 мың операторы осы жұмысқа қосылған. Сондай-ақ, байланысты күту уақытын азайту үшін жасанды интеллектінің элементтері арқылы жиі кездесетін сұрақтарға жауап беру алгоритмі енгізілмек.
Айта кетейік, бұдан бұрын Бағдат Мусин жыл соңына дейін елімізде мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды түрде көрсетілетінін айтқан еді. Қазіргі таңда мемлекеттік тізілімде 700-ге жуық қызмет бар. Олардың 85,5 пайызы онлайн түрде көрсетіледі.