Қыздар университеті Шығыс Еуропа елдерінің халықаралық рейтингіне кірді

Қыздар университеті Шығыс Еуропа елдерінің халықаралық рейтингіне кірді

Қыздар университеті Шығыс Еуропа елдерінің халықаралық рейтингіне кірді
ашық дереккөзі
1261
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры Гаухар Алдамбергенова халық алдында есеп беру кездесуін өткізді. Бұл туралы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. Жиын тікелей эфирде Zoom платформасы мен оқу орнының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында ұйымдастырылды. Үш сағатқа созылған кездесуде университет басшысы өткен оқу жылында атқарылған жұмыстарды жан-жақты баяндап, алдағы жоспарымен бөлісті. «75 жыл бойы еліміздің білім беру жүйесі үшін 60 мыңнан астам маман даярлаған Қазақстанның жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті үшін 2019-2020 оқу жылы Ұлттық университет мәртебесіндегі даму кезеңімен және елдегі төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеу шараларымен тұспа-тұс келді. Өткен оқу жылының екінші жартыжылдығында кездескен қиындықтарға қарамастан, университеттің академиялық саясатына сәйкес білім алушылар мен профессор-оқытушылық құрам алдындағы міндеттемелерін толық орындады», – деді Гаухар Алдамбергенова. Осы уақыт шеңберінде университет ұжымы білім беру сапасын арттыру, ғылым жүйені жетілдіру, халықаралық ынтымақтастық, тәрбие, тұлғаның кәсіби қалыптасуы, инфрақұрылымды дамыту, кадрлық әлеуетті жақсарту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Атап айтқанда, Қыздар университеті алғаш рет Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдерінің QS 301 - 350 халықаралық рейтингіне кірді. ARES жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингінде Қазақстанның 130 жоғары оқу орны арасында 29-шы орынға ие болды.  width= Сонымен қатар  ұлттық институционалдық рейтингте университет ЖОО-ның ондығына және Қазақстанның үздік 3 педагогикалық ЖОО-ның қатарына енді. 13 білім беру бағдарламасы бойынша университет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы рейтингіндегі жоғары оқу орындарының алғашқы ондығына табан тіреді. «2019 жылдан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарына берілген академиялық еркіндік шеңберінде университет жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастық орнатып, оларды білім беру бағдарламаларын жобалау мен жетілдіру жұмыстарына қатыстырды. Білім беру бағдарламаларына енгізілген барлық өзгерістер еңбек нарығының сұранысы мен қазіргі заман қойған талаптарға сәйкестігіне қарай сараптамадан өтті», – деп атап өтті ҚызҰПУ ректоры. Оның мәліметінше, биыл университетті 1889 түлек бітіріп, оның 82 пайызы жұмысқа орналасты. Ол электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылды. Қыздардың көпшілігі өз аймақтарына оралып, жұмыс істеуде. Гаухар Алдамбергенованың айтуынша, бітірушілерді өз мамандағына сәйкес жұмысқа орналастыру үшін университет өңірлік басқармалармен, білім бөлімдерімен, мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарымен тікелей келісімшарттар жасаған. Есеп беру кездесуде ҚызҰПУ ректоры ғылыми әлеуетті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да шолу жасады. «Ғылыми-зерттеу жұмыстары 14 зертхана мен орталықтарда жүзеге асады. Оның ішінде Кешенді химия-биологиялық ҒЗО, Биохимия және биотехнология зертханасы, Полимеразды тізбекті реакция зертханасы, Геоақпараттық жүйелер зертханасы, Латын графикасы орталығы, Робототехника орталығы, «Дара» түзету орталығы, Инклюзивті білім беруді қолдау ресурстық-кеңес беру орталығы, «Жан шуағы» психологиялық қолдау орталығы, сондай-ақ Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер ғылыми-зерттеу институты қызмет атқарады. Оқу орнында ғылыми кадрларды даярлауды күшейту мақсатында химия және биология ғылымдары бойынша жаңа диссертациялық кеңестер ашылды», – деп атап өтті Гаухар Алдамбергенова.  width= Университетте шетелдік жоғары оқу орындарымен 60-тан астам халықаралық шарт бар. Оның ішінде 2019-2020 оқу жылында 10 өзара келісім жасалған. ҚызПУ Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетімен, АҚШ-тың Миссисипи алқабының мемлекеттік университетімен, Польшаның Силезия университетімен, Лондонның батыс халықаралық колледжімен қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруда. 2019-2020 оқу жылында сыртқы шығыс академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 48 білім алушы шетелдік серіктес жоғары оқу орындарына оқуға жіберілді. Университет базасында 3 оқу-зертханалық ғимарат, 7 жатақхана, баскетбол, волейбол, гандбол, мини-футбол және бадминтон алаңдары, жаттығу залдары, «Аққу» жүзу бассейні, «Ұлпан» асханасы бар. Барлық жатақханаларда фитнез залдары мен сұлулық салондары жұмыс істейді.  

Серіктес жаңалықтары