Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына – 33 жыл

Қазақстан мен Ресей арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына – 33 жыл
СІМ

22 қазанда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнағанына 33 жыл толды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасы саяси мәдениеттің жоғары деңгейімен ерекшеленіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухында дамуда. Табысты өзара іс-қимыл - екі ел көшбасшылары арасындағы достық қарым-қатынастың нәтижесі. Бұған дәлел – Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға өткен жылғы мемлекеттік сапары және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге 12 қарашада жоспарланған мемлекеттік сапары. Біздің ортақ көпғасырлық тарихымыз, географиялық, рухани жақындығымыз және өзара сеніміміз елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамытудың бірегей артықшылығы мен кепілі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары