«Biz birgemiz» жобасы аясында көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді

«Biz birgemiz» жобасы аясында көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді

«Biz birgemiz» жобасы аясында көпбалалы отбасыға көмек көрсетілді
ашық дереккөзі
«Nur Otan» партиясының Атырау қалалық филиалына қала тұрғыны Исмуханова Ақмарал көмек қолын созуға өтініш білдіре келген. Көп балалы, аз қамтылған отбасының үйі өртеніп, қиын жағдайда қалған. Сондықтан тұрмысқа қажетті заттары жарамсыз болғанын айтып, үйін қалпына келтіру үшін материалдық жағынан көмек көрсетуді, сонымен қатар азық түлікпен қамтамасыз етуді сұраған. Тұрғынның өтігіші назардан тыс қалмады. «Biz birgemiz» жобасы аясында Атырау қалалық партия филиалының ықпалымен партия белсендісі Ермұханов Нұржан Мақсотұлы отбасыға қол ұшын созды. Үйге керекті жабдықтармен (теледидар, шаңсорғыш, люстра, төсеніштер, кілемдер), киім-кешекпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Өтініші назардан тыс қалмағанына разы болған Исмуханова Ақмарал "Nur Otan" партиясы Атырау қалалық филиалына, партия белсендісі Н.Ермұхановқа  алғысын білдірді.