Алматыда жазушыларға қолдау артады

Алматыда жазушыларға қолдау артады

Алматыда жазушыларға қолдау артады
ашық дереккөзі
Алматы әкімдігі қаладағы ақын-жазушылардың кітаптарының жарық көруіне қолдау көрсетпек. Бұл туралы  Қазақстан Жазушылар одағының құрылуына және «Қазақ әдебиеті» газетінің ашылуына 85 жыл толуына орай өткен жиында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді. «Жазушылар одағының қатпарлы тарихы Алматымен тұстасып келеді. 85 жыл бұрын бой көтерген одақтың бірнеше буыны Алматыда қалыптасып, осында табысты еңбек етті. Сүйікті қаламыз туралы қалам тербемеген жазушы, толғанбаған ақын жоқ десе болады. Қазір Алматыда Жазушылар одағының 360 мүшесі тұрады. Сол қаламгерлермен кең көлемде де, жеке де бірнеше мәрте жүздесіп пікір алмастық», - деді  Бақытжан Сағынтаев. Қала әкімдігі белгілі шығармашылық өкілдерінің кештерін, көрмелерін, мерейтойларын ұйымдастырудан бөлек, қаламгерлерге грант тағайындауды да дәстүрге айналдырмақ. «Мүмкіндігіне қарай кітаптарды да шығарып жатырмыз. Биыл зиялы қауым өкілдерімен жұмыс жасаудың жаңа жүйесін енгіздік. Одақтың тікелей ұсынысы бойынша 150 грант тағайындалды. 90 грант өз иелеріне жетсе, қалған 60 жыл соңына дейін табысталады. Алдағы жылдары іріктелген 20-ға жуық ақын-жазушылардың кітаптарының жарық көруіне қолдау көрсетеміз. Бұл бағыттағы жұмыстар өз кезегінде ақын жазушы, драматург, сыншылардың қаламыздың, тұтастай еліміздің тыныс тіршілігін суреттейтін әдеби шығармалар жазуына септігін тигізеді деп ойлаймыз. Ел руханиятының орталығы саналатын қаламыздың өркениет жолында өздеріңізбен аянбай еңбек етіп, мәдениетіміз бен әдебиетімізді дамыту барлығымыздың ортақ міндетіміз деп есептеймін», - деді шаһар басшысы.