8 Желтоқсан, 17:17 385 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Мас жүргізуші бір топ оқушыны қағып кетті

Ресейдің Нижний Новгород қаласында жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы болды. Апат кезінде көліктердің бірі жаяу жүргіншілер жолына ұшып кетіп, бірнеше адамды қаққан.

Тоғыз оқушы және екі ересек адам зардап шекті. Ауыр жарақат алған әйел ауруханада жеткен бойда көз жұмды, деп хабарлайды ТАСС.

Тергеу мәліметтеріне сүйенсек, жүргізуші қарсы беттегі қозғалыс жолағын басып өтіп, жүріп келе жатқан өзге көлікпен және тоқтап тұрған көлікпен соқтығысқан. Тоқтап тұрған көлік қатты соққыдан жаяу жүргіншілер жолына ұшып кетіп, оқушыларды қаққан. Жасөспірімдер бір топ болып театрға бара жатқан көрінеді.

Аймақтық Тергеу комитетінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушіні тексеру кезінде қанынан алкоголь анықталған. Оның үстінен РФ Қылмыстық кодексінің 264-бабының 4-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар