19 Қараша, 15:31 257 0 Саясат Анар ЛЕПЕСОВА

Тоқаев елордадағы травматология орталығын күрделі жөндеуден өткізуді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы травматология және ортопедия ҒЗИ барды. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің twitter парақшасында жазды. 

«Елордадағы травматология және ортопедия ҒЗИ бардым. Бұл жерде азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін озық технологиялар кеңінен қолданылуда. Дегенмен, ғимараттар айтарлықтай ескірген. Үкіметке клиниканы күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа ғимараттар салу мәселесін шешуді тапсырдым», - деп жазды Тоқаев.

 

Соңғы жаңалықтар