Алматыда №92 бағыттағы автобустар толық жаңарды

Алматыда №92 бағыттағы автобустар толық жаңарды

Алматыда №92 бағыттағы автобустар толық жаңарды
ашық дереккөзі

Қала тұрғындарының көптеген өтініштері бойынша №92 бағыт 12 метрлі 20 жаңа автобустармен толықты. 100%-ға жаңарған жылжымалы состав қала көшелеріне шықты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.

Барлық көліктер төмен еденді, сыйымдылығы үлкен әрі қала жолаушыларын тасымалдау үшін арнайы жасалған. Автобустар табиғи газбен жүреді, кондиционер және видеобақылау орнатылған. Сыйымдылығы - 104 адам, отыратын 22 орын және қимылы шектеулі жандар үшін 3 орын бар. Бұдан өзге, №92 бағыт қала орталығына қатынау үшін Түрксіб, Алмалы және Әуезов аудан тұрғындары үшін ыңғайлы, соңғы аялдамасы болып "Халықаралық Алматы әуежайы" белгіленді.