18 Қыркүйек, 10:19 429 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Атырауда бір жылда 764 адам қызылшамен ауырған

Атырау облысында қосымша иммундау жұмыстары аясында 6 жасқа дейінгі балалардан бөлек 20-29 жас аралығындағы 50 мың адам екпе салдыруы тиіс.

Өткен жылдан бері мұнайлы өлкеде қызылшамен 764 адам ауырды. Оның 73%-і балалар. Ал ауру жұқтырғандар мен вирус таратушылардың 16%-і ата-аналары түрлі діни көзқарастарына байланысты баласына вакцина салдырмағандар. Облыс бойынша қазір 68 мың доза вакцина дайын тұр. Облыста ресми тіркелген 630 мың тұрғынның кем дегенде 10%-і қызылша мен қызамыққа қарсы екпе алуы тиіс. Ал жыл басынан бері облыс бойынша 9-10 айлық 8 мыңға жуық сәбиге қызылшаға қарсы міндетті екпе салынған.

«Екпеден бас тару нәтижесі ол баланың қызылша ауруының асқынуына жол береді. Ол жерде пневмония, мидың қабынуы, энцефалит, сонымен қатар тіпті баланың көзі көрмей қалуы сияқты асқынуларға алып келеді. Әзірге факт болған жоқ, бірақ өлім жағдайына дейін әкеліп соқтыруы мүмкін», – дейді эпидемиялық қадағалау бөлімінің басшысы Гүлназ Ербатырова.

-

Соңғы жаңалықтар