6 Тамыз, 19:48 467 0 Руханият Túrkistan Gazeti

Ясауи кесенесін жаңарту жұмыстары аяқталды

Үш жылдан бері жабық тұрған кесене күмбезін жаңарту жұмыс­тары аяқталды. Күмбездің тарихи келбеті сақталып, желдеткіш қа­баттары ретке келтірілді. Қазір күм­без етегіндегі сегіз қырмен қо­сыл­ған жерінде гидрооқшаулау жұ­мыстары аяқталуға жақын.

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі аумағындағы тарихи орын­дарда қайта қалпына келтіру жұмыс­тары, ортағасырлық Күлтөбе қалашығы, Хан ордасы мен мешіті орналасқан ма­гист­ралды көше бойында ар­хео­логиялық қазба жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ал Күлтөбе қалашығындағы қазба жұ­мыс­тарының нәтижесі бойынша 2019 жылы 5 000-нан аса біздің зама­нымызға дейінгі I ғасырда жасалған ежелгі алтын бұйымдар табылған.

Бұдан бөлек, Қожа Ахмет Ясауи кесе­несінің алдында ту­рис­тер демалатын, қалың бау-бақшалы селфи-аймақ жасақ­тала­ды. Тарихи нысанның «Тақия қақпасы» маңында қазба жұмыс­тары жүргізіліп, табылған жәдігерлер туристер көз қуанышына айналмақ.

Сондай-ақ Б.Саттарханов даңғылы ау­мағында этноауыл са­лынуда.

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде ат­қ­а­рылған жұмыстардың бар­лығы ЮНЕСКО-мен келісе отырып жүргізілуде.

Еркебұлан БЕК

Соңғы жаңалықтар