25 Маусым, 19:02 283 0 Аймақ Анар ЛЕПЕСОВА

БҚО-да 273 адам пневмонияға шалдыққан

Батыс Қазақстан облысында коронавирусқа шалдыққан 421 адам инфекциялық стационарда ем қабылдап жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастардың 136-сы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 232-сі қалалық көпбейінді ауруханада емделуде. 57 науқас ауыр халде жатыр. Соның ішінде 16 адам 16 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өңірде пневмония өршіп барады. Өкпе дертіне шалдыққандар саны 273-ке жетіп отыр.

Қатерлі вирус таралғалы БҚО-да 1267 адамнан індет анықталған.  835 адам емделіп шықты. Дерті асқынған 6 науқас көз жұмды.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте пневмониядан 4 тәулікте 24 адам қайтыс болғанын хабарлағанбыз.

Соңғы жаңалықтар