4 күнде – 24 өлім: Шымкентте пневмония өршіп барады

4 күнде – 24 өлім: Шымкентте пневмония өршіп барады

4 күнде – 24 өлім: Шымкентте пневмония өршіп барады
ашық дереккөзі
328
Еліміздің бірқатар аймақтарында өкпе қабынуынан қайтыс болғандар көбейіп барады. Шымкентте төрт күн ішінде пневмониядан 24 адам көз жұмса, Ақтау да аз күн ішінде жиырмадан астам адам жан тапсырған. Індеттің тез таралып жатқаны сондай, ауруханалар науқасқа тез толып, жедел жәрдем көліктерінің қоңырауға жауап беріп, үлгеруі қиындап барады, деп хабарлайды КТК арнасы. Шымкентте өкпе қабынуынан соңғы төрт күнде 24 адам қайтыс болған. Қалада 1-маусымнан бері 360 адам ауруханаға түскен. Бұл белгілісі ғана. Үйінде төсек тартып жатқандар мұнан да көп болуы мүмкін. Оларды емдеуге арналған орталықтар көбейтіліп, жасанды тыныс алдыру апараттары алынуда. Жедел жәрдем қызметінің 100 бригадасы күндіз-түні жұмыс істеп, пневмониямен ауырғандар үсті-үстіне телефон соғуда. "Күніне ЖРВИ, пневмониямен 300 адам дәрігер шақыртып жатыр. Оның ішінде алып келіп, жағдайына қарап, біздегі төсек санына байланысты, негізінен ауыр жағдайдағы азаматтарды бірінші кезекте қабылдап жатырмыз. Күніне 100 азаматты қабылдап жатыр. Кеше 129 адамды ауруханаға жатқыздық", - дейді Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр. Ал Ақтөбеде бір түн ішінде өкпесі қабынған төрт адам қайтыс болды. Қазір 28 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың 10-ы жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Дәрігерлер пневмонияның аймақта күн санап өршіп бара жатқанын айтады. Былтырғымен салыстырғанда науқастар саны алты есеге көбейді. Бүгінде бұл диагноз 1 200-ден астам адамға қойылды. Үйден емделіп жатқаны қаншама. Ал дәрі-дәрмек тапшы. "Өткен түнде 4 адам қайтыс болды. Оларға алдын ала "пневмония" диагнозын қойып отырмыз. Қорытынды бір айдан соң белгілі болады", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова. Маңғыстау облысында да пневмонияға шалдыққандарды жатқызатын орын жетіспейді. Әсіресе Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Бейнеу ауылында жағдай қиын. Туберкулез диспансерін тез арада жөндеп, өкпесі қабынғандарға бергенімен, ол әп-сәтте толыпты. Сондықтан шенеуніктер облыстық ауруханадағы үш корпустың біреуін провизорлық стационарға айналдыруға мәжбүр болған. Қазір бұл өңірде 456 адам індет жұқтырып ауруханаларда жатыр. Пневмонияның жеңіл түрін жұқтырғандарды тіпті қабылдап та жатқан жоқ. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жамал Жаманбаева бүгінгі таңда облыста 24 адам қайтыс болғанын айтады. "Бұл аталған инфекция таралған уақыттан бері. Үдемелі дейміз ғой. Әр ауырған адам есепте. Ол есеп күніне екі рет министрлікке беріліп отыр. Жеңіл түрімен де, ауыр түрімен ауырғандарға қатысты есеп береміз", - дейді ол. Өкінішке қарай пневмонияның қашан беті қайтатынын ешкім дөп басып айта алмайды. Әзірге мамандар барлық қиындыққа дайын болуымыз керек деп отыр. Ол үшін әр аймақтың шенеуніктері өкпесі қабынғандарды қабылдайтын қосымша орындар дайындап, арнайы апараттар алдыруда. Мәселен, бір ғана Шымкентте қазір қолда бар 300 апаратқа қосымша тағы жүз жабдыққа тапсырыс берілді.  

Серіктес жаңалықтары