Астанада аялдамасынан өтіп кеткен ер адам автобустың әйнегін сындырды (ВИДЕО)

/
Астанада аялдамасынан өтіп кеткен ер адам автобустың әйнегін сындырды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Астанада өзіне қажетті аялдамадан өтіп кеткеніне ашуланған жолаушы автобустағы әйнекті сындырып, 20 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға автобустардың бірінде болған. Құқық қорғау органдарына жолаушының жүргізуші кабинасы мен салонды бөліп тұрған әйнекті сындырғаны туралы хабар түскен.

Тексеру барысында 44 жастағы ер адам анықталды. Белгілі болғандай, автобус оның түсуі тиіс аялдамасына тоқтамай, өтіп кеткен. Осыған байланысты жолаушы жүргізушімен сөзге келіп, кейін кабина мен салонды бөліп тұрған әйнекті жұдырығымен ұрып сындырған.

Ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 20 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттелді.

Полиция кез келген даулы жағдай заң аясында шешілуі керек екенін ескертті. Агрессивті әрекет, мүлікті бүлдіру және қоғамдық тәртіпті бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар