Қостанайда үлкен қойма өртеніп кетті (ВИДЕО)

/
Қостанайда үлкен қойма өртеніп кетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Қостанай қаласындағы Орджоникидзе көшесінде орналасқан қоймалардың бірінен өрт шықты. Ғимараттың шатыры ашық жалынға оранған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығының мамандары, полиция, жедел жәрдем және апаттық газ қызметі жұмылдырылды.

Өртті сөндіру кезінде құтқарушылар қойма ішінен әрқайсысының көлемі 80 литр болатын бес оттегі баллонын алып шығып, қауіпсіз жерге көшірді. Осылайша жарылыс пен өзге де қауіпті салдардың алдын алу мүмкін болды.

Өрт 650 шаршы метр аумақты шарпыған. Құтқарушылар жалынды толық сөндірді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар