Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы қарым-қатынастың нығаюына Қасым-Жомарт Тоқаевпен қалыптасқан сенімді диалогтың ықпалы зор екенін баса айтты. Бұл туралы ол IV Шуша жаһандық медиа форумында мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ильхам Әлиев Қарабақты қайта қалпына келтіру ісіне қолдау көрсеткені үшін Қазақстанға ризашылығын білдіріп, екі ел басшыларының өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастығы бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асуына жол ашқанын атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, Каспий теңізінің табанымен электр және талшықты-оптикалық байланыс желілерін жүргізу, сондай-ақ Қазақстан мұнайын Әзербайжан арқылы әлемдік нарықтарға жеткізу бағытындағы жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр.