Қызылордада жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы тұтқындалды

Қызылордада жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы тұтқындалды

Қызылордада жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы тұтқындалды
ашық дереккөзі

Қызылордада сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының қызметін уақытша атқарушы шенеунік ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталды. 

Күдікті қолға түскенше сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жедел департаменті басшысының міндетін уақытша атқарған. Оның заң бұзғандығын агенттік қызметкерлері анықтаған деп жазады Sputnik Қазақстан

Мемлекеттік қызметкер аса ірі көлемде пара алған болуы мүмкін. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ал күдікті Қызылорда қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол сол жерде тергеу жұмыстары аяқталғанша отырады. Ал тергеу жұмыстары агенттік төрағасының жеке бақылауында.

Заңға қайшы келетіндіктен өзге ақпарат жария етілмейді.