Дәрігерлер Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты

Дәрігерлер Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты

Дәрігерлер Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты
ашық дереккөзі
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан қаладағы коронавирус жұқтырған науқастардың жағдайын айтты.  «Алматы қаласында коронавирус анықталған 6 адамның төртеуінің жағдайы қалыпты, ал екеуінің денсаулығы орташа. Қазір барлығы да ем қабылдап жатыр», – деді ол. Еске сала кетсек, Қазақстанда жұқтырғандар саны 8 адамға жетті. Оның алтауы Алматыдан анықталып отыр.  Бүгін тіркелген екі науқастың алғашқысы – 1959 жылы туған әйел адам. Ол вирусты Алматыға Мәскеуден ұшып келген рейсте болған жұбайынан жұқтырып алған. Ал екінші науқас – 1995 жылы туған Қазақстан азаматы. Бұл ер адам Алматыға Сеулден ұшып келген. Коронавирустың таралуын шектеу үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде төтенше жағдай енгізілді.  Төтенше жағдай режимі 15 сәуірге дейін созылмақ.