Бейсенбі, 1 Желтоқсан, 2022

Өткен тәулікте коронавирустың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ – комитет

Қазақстанда өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясымен ауырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Telegram каналында хабарлады.

«Құрметті қазақстандықтар, өткен тәулік ішінде елімізде коронавирус инфекциясымен ауырудың жаңа оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл дертпен ауырған адам саны – 4. Олар дәрігерлердің қатаң қадағалауында карантинде жатыр. Бұл кісілермен байланыста болған адамдар анықталып, бақылауға алынды. COVID-19-бен күрес және індеттің алдын алу республика бойынша кең ауқымда жүргізіліп жатыр» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда екі адамның коронавирус жұқтырғанын жеткізген еді. Кейіннен Милан қаласынан Нұр-Сұлтанға келген тағы бір қазақстандықтан коронавирус инфекциясы табылды. Кейін Германиядан ұшып келген Қазақстанның тағы бір азаматынан коронавирус анықталды. Осылайша бұл дертке шалдыққандар саны 4 адамға жеткен еді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button