«Аясаңдаршы»: Нұрлан Еспановтың ұлына айыппұл салынды

/
«Аясаңдаршы»: Нұрлан Еспановтың ұлына айыппұл салынды
коллаж :turkystan.kz

Белгілі өнер иесі Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов әлеуметтік желіде айыппұл арқалағанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.

Әншінің баласы қонақтан қайтып келе жатқанда оқыс жағдайға тап болған.

«Қайын жұрттамыз. Тойдан кейін есік ашып алғаш келуіміз. Ет асып, Тараздан туыстарымыз келіп керемет отырыс болды. Жалпы алыс жолды жаным сүйеді. Ұнайды алыс жолға шыққан. Ойыңды жинақтап аласың. Жуалыға күйеу бала болып келіп қалған жайымыз бар. Сыйлап құрметтеп, сый көрсетіп, төс беріп, ет жеп, қонақтарды шығарып салып артынша өзіміз шай ішкеніміз бар», - деді Олжас Еспанов.

Олжас Еспанов қайын жұртынан қонақтан жеке автокөлігімен келе жатқанда бейнебақылау жазбасына түсіп қалған.

«Аясаңдар қайтеді. Бір қонақ болып келе салайыншы десең осы. Жырқ еткізгені несі?», - деді әзілдеп әншінің баласы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары