Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығын бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz.
Әнші Халықаралық «Славян базары 2025» байқауының жеңімпазы Мирас Нағашыбайды құттықтады.
"Халықарлық “Славян базары 2025 “ байқауының 1 - орын жеңімпазы Мирас Нағашыбай Ақтамбердінің жырауын орындап, шет елдіктерді таңдай қақтырды. Алла тіл - көзен сақтасын! Вокалдан ұстазы Әділ Ахметжановтың еңбегін ерекше атап өткім келеді. Талабы таудай өнерпаздардың талантын ашып , жұлдызын жаға берейік! Басқа өңірдегі мектептеріміздің өнерпаздарына жұғысты болсын!", - деді өнер иесі.