ШҚО-да бір жастағы бала шеге жұтып қойған

/
ШҚО-да бір жастағы бала шеге жұтып қойған
Ашық дереккөзден

ШҚО-дағы Шемонаиха ауданында бір отбасы үлкен қайғылы жағдайдан аман қалды, деп хабарлады turkystan.kz.

Үлбі-Таловка ауылының тұрғыны 103 нөміріне қоңырау шалып, бір жастағы ұлы бір затқа тұншығып, көгеріп, тыныс алмай жатқанын хабарлаған.

Фельдшер Галина Гречаник баланың әкесіне не істеу керектігін телефон арқылы түсіндіре бастаған. Осы сәтте жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жолға шыққан. Медициналық көмек келгенге дейін болтты баланың тыныс жолдарынан алып шығу мүмкін болған, алайда сәби ес-түссіз күйде болған.

Фельдшер Кристина Коломейцева жүрек-өкпе реанимациясын жүргізе бастайды. Төртінші минутта бала қайтадан тыныс ала бастады. Оны шұғыл түрде аудандық орталық ауруханаға жеткізді. Қазір сәби тұрақты бөлімге ауыстырылған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары