15 шілде күні Алматыда УЕФА Чемпиондар лигасының бастапқы іріктеу кезеңінің қарымта матчы өтті, деп хабарлады turkystan.kz.
Онда «Қайрат» Словенияның өкілі – Любляна қаласынан келген «Олимпия» командасымен кездесті.
Кездесу нәтижесінде «Қайрат» есепті еселеп, жеңіске жетті.
«Олимпияны» жеңген соң, «Қайрат» екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның КуПС және Молдованың «Милсами» жұбының жеңімпазын күтетін болады.