Бала-шаға асырау оңай емес – Нұржан Керменбаев

/
Бала-шаға асырау оңай емес – Нұржан Керменбаев
Ашық дереккөзден

Танымал әнші Нұржан Керменбаев тұрмыстық жағдайы жайлы сөз қозғады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы ол «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасына берген сұхбатында айтты. Әнші қазіргі кезде жалғыз табыс аздық етенін сондықтан кәсіп бастау ойында бар екенін жасырмады. 

"Жоспарлап жатқан дүниелер бар. Біріншіден ол кәсіп бастау. Кәсіп болуы керек деп ойлаймын. Себебі карантин уақытында да көрдік, расымен де бір ғана өнерге қарап отырған болмайды екен. Өйткені бала-шаға бар. Төрт бала-шаға да аз емес. Сондықтан сол дүниеге көзім жетті. Расымен де тек өнермен ғана емес, басқа да кәсіп түрін ашып керек екен. Қазір сол бағытта жұмыс жасап жатырмын. Қандай кәсіп екенін айтпай-ақ қояын. Бір тағамдар желісі деп де айтуға болады", - деді Нұржан Керменбаев. 

Айта кетейік, Нұржан Керменбаев жаңа әнін сынағандарға жауап берген болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары