жексенбі, 20 сәуір, 2025

Бағдат Мусин Президент кеңесшісі болып тағайындалды

/
Бағдат Мусин Президент кеңесшісі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Бағдат Мусин Президент кеңесшісі болып тағайындалды «Ақорданың» хабарлауынша, Бағдат Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. «Мемлекет басшысының өкімімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды» делінген хабарламада. Бағдат Батырбекұлы Мусин 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетті бітірген. 2005 жылы  Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын Құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған. 2004-2007 жылдар аралығында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамында бас бағдарламалық қамтамасыздандыру инженері, бөлім бастығы, департамент директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ мемлекеттік органдарда еңбек еткен. Үйленген. Екі қызы, бір ұлы бар.
Бөлісу: