241
Коронавирус: Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар жаңа форматта өтеді
Коронавирус: Абайдың 175 жылдығына арналған шаралар жаңа форматта өтеді
Елімізде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған шаралар жаңа форматта өткізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова айтты.
«Коронавирус қаупіне байланысты мәдени-бұқаралық іс-шарараларды шектедік. Мұндай шараларды жаңа форматты өткізу жағын қарастырып жатырмыз. Мысалы, шараларды үлкен стадиондарда емес, теледидар, әлеуметтік желі арқылы өткізу жағын қарастырудамыз. Хакім Абайдың тұлғасын түсініп, ұлықтау шаралары да жаңа форматта өткізіледі», - дейді министр.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде оқушыларды 16 наурыздан бастап демалысқа жіберу туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатынбыз.
Сондай-ақ, індеттің алдын алу мақсатында Наурыз мерекесіне арналған шаралар және Жеңістің 75 жылдығына орай жоспарланған әскери парад өткізілмейтін болды.