Қазақстан коронавирусты анықтайтын қосымша 60 мың тест сатып алады

Қазақстан коронавирусты анықтайтын қосымша 60 мың тест сатып алады

Қазақстан коронавирусты анықтайтын қосымша 60 мың тест сатып алады
ашық дереккөзі
302
Қазақстан коронавирусты анықтайтын қосымша 60 мың тест алады. Бұл туралы  ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.  Ведомство басшысы коронавирус адам қанынан бірінші күні анықталмайтындықтан, вирус жұқтырды деген күдікке ілінетін әрбір адам 2-3 мәрте тексерілуде.  «Бірнеше мемлекеттен келген азаматтар бақылауда. Коронавирус адам қанынан бірінші күні табылмайды, сол себепті біз оларды бақылауда, қажет болса 14 күн карантинде ұстаймыз. Біздің протокол бойынша, адамнан бірінші және оныншы күні қан алынып, тексеріледі. Қазіргі кезде біздің барлық өңірде арнайы санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар жұмыс жүргізуде. Ресей Федерациясы, ҚХР, ДСҰҰ жіберген және қазақстандық тест бар. Жалпы 15 мың тест болған, оның 5 мыңын пайдаландық. Қосымша 60 мың тест аламыз. Әрбір науқасты 2-3 тестпен тексереміз. Бұл тесттер нақты көрсеткіштерді көрсетіп, жақсы жұмыс істейді. Бұл жұмыстар ары қарай да жалғасады», - дейді министр.  Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мерекесіне арналған шараларды және әскери парадты өткізбеу жөнінде тапсырма берді. 

Серіктес жаңалықтары