Мемлекет басшысы: Елімізде қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады
 
								
                                                                                                Мемлекет басшысы: Елімізде қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады
                                                                                                                                Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады. 
«ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз», - делінген хабарламада.
 
                                                                                    
                        
                        
                     
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        