342
Қаржылық тұрақтылық басты назарда
Қаржылық тұрақтылық басты назарда
Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына еліміздің қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының қабылдауында «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеев пен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимов та болды.
Белгілі экономист, «Қазмұнайгаз Инжиниринг» компаниясы бас директорының кеңесшісі Жақсыбек Құлекеевпен кездесу кезінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру, Қазақстан экономикасының энергиялық ресурстардың экспортына тәуелділігін төмендету мәселелері талқыланды.
Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық өсімді арттыру, фискалды және монеталық саясатты жетілдіру, кәсіпкерлікті дамыту, отандық өнім өндірушілерді қолдау бағыттарында кешенді шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды.
Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Еуропалық құқық және адам құқықтары институтының директоры Марат Башимовпен кездесу барысында құқық қорғау жүйесіне, заң жобаларын жетілдіруге және азаматтық секторды дамытуға қатысты мәселелер сөз болды.
Қоғам қайраткері Мемлекет басшысының бейбіт жиындар туралы заңда жиын өткізу туралы алдын ала ескерту қағидаты болуы тиіс деген ұстанымын қолдайтынын айтты.
Кездесу соңында Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті докторы Нұрсұлтан Назарбаевқа жоғары награда – «Мәскеу университетінің жұлдызы» табысталды.