Польшада коронавирустан қорғайтын "ғажайып" сүт сатыла бастады

Польшада коронавирустан қорғайтын "ғажайып" сүт сатыла бастады

Польшада коронавирустан қорғайтын "ғажайып" сүт сатыла бастады
ашық дереккөзі
289

Польшада коронавирустан қорғайтын "ғажайып" сүт пен бойтұмар  сататын алаяқтар пайда болды, деп хабарлайды РИА Новости

"Үйлерді аралап, "ғажайып сүт," "ғажайып бойтұмар" сынды әртүрлі типтегі дәрілерді сатып алуды ұсынатын алаяқтар пайда болған", - дейді Цярка.

Тәртіп сақшысы ел арасында орынсыз дүрбелең тудыратын адамдардың көбейгеніне қынжылыс білдірді. 

"Өкінішке орай, адам проблемаларын, әсіресе вируспен қатысты дүрбелеңді пайдаланатын қылмыскерлер бар", - дейді полициясының бас коменданты. 

Полиция өкілі бұндай фактілерді дереу полицияға хабарлауды өтінді. Сондай-ақ, Цярка үйде оқшауланған азаматтардың карантин режимін сақтауын тәртіп сақшылары қадағалайтынын ескертті. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда Алматы қаласының түрлі медициналық нысандарында 490 адам карантинде жатқызылған.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 1а санатындағы ҚХР, Италия, Оңтүстік Корея, Иран елдерінен келген тұлғалар 14 күндік карантинге оқшауланады. 14 күндік карантин аяқталған соң дәрігерлер 10 күн бойы телефон арқылы хабарласып жағдайын біліп тұрады. 

Серіктес жаңалықтары